
06–10 қараша аралығында «Кітапханадағы факультет күні» ақпараттық шара өтті. Бұл шараға барлық факультеттерден оқытушы-ғалымдар қатысты. Шараның мақсаты кітапхананың ақпараттық ресурстары мен олардың мүмкіндіктерін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау қызметімен таныстыру.
Оқытушы-ғалымдарға кітапхананың құрылымы мен мүмкіндіктері, кітапхана сайтындағы мәліметтер мен «ЕҰУ ОПҚ еңбектері» деректер базасы, электрондық ресурстар, кітаппен қамтылу картотекасы таныстырылды.
Ғылыми зерттеушілерге дерекқорларды пайдалану, университет ғалымдары мен зерттеушілерінің авторлық профильдерін біріктіру, академиялық дағдыларын жетілдіру, ғылыми мақалаларды жариялау үшін журналдарды іздеу және іріктеу бойынша кеңестер берілді.
Факультет күніне қатысушыларға кітапханаға экскурсия жасалды. «American Corner and Maker Space» орталығының жобаларымен танысып, ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жақсарту үшін пікірталас клубтары, мастер-класстар, тренингтер жайлы және Maker Space техникалық зертханасының робототехника, электроника, қолөнерге қатысты курстар туралы айтылды. Әр факультетке бекітілген пән кітапханашылары ЕҰУ ғалымдарының еңбектері мен жаңадан қорға түскен оқулықтардан кітап көрмесін қойды.