Тарихи анықтама

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының тарихы 1962 жылы негізі қаланған. 1996 жылы 23 мамырда Целиноград педагогикалық институты мен Целиноград инженерлік-құрылыс институтының бірігуіне сәйкес Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті құрылып, олардың кітапханалары да бірікті, кітапхананың дамуына өте үлкен көңіл бөлінді.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №924 (06.07.2001ж.) Қаулысымен университет кітапханасы базасында «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ашылды.

2009 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының бұйрығымен (27.04.2009 ж. №456) «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығынан бөлініп, «Университеттің ғылыми кітапханасы» болып қайта құрылды.

Ғылыми кітапхананың негізгі бағыты – университеттің білім беру жүйесімен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, кітапхананың ақпараттық ресурстарын кеңейту, технологиялық инфрақұрылымды жетілдіру, оқырмандарға  тиімді ақпараттық орта құру, кітапхана қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Бүгінгі таңда ғылыми кітапхана университеттің ақпарат орталығы болып табылады, өзінің жеке сайты мен порталында электрондық ақпарат ресустары, «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» базасы мен әр түрлі мәліметтер базасы, сандық көшірмеленген құжаттар колекциясы орналасқан.

Кітапхана бүгін:

* университет аумағында орналасқан екі ғимараттағы абонементтер мен оқу залдары, функционалдық және мамандандырылған бөлімдер кешені;

* Пайдаланушыларға ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 8 құрылымдық бөлім;

* электрондық қызмет көрсетудің  автоматтандырылған жүйесі: оқырманды тіркеу, кітап беру, қайтарып алу, мерзімін ұзарту, алдын-ала тапсырыс беру, қарызгерлерді іріктеу, көп оқылған кітаптар мен көп оқитын оқырманды іріктеу;

* жаңа технологиялармен жабдықталған ашық оқу залдары мен қашықтан қызмет көрсету мүмкіндігі;

* институционалдық репозиторий;

* ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге арналған арнайы жабдықталған орындар;

* жеке және топтық жұмыс үшін қолайлы орта;

* білікті қызметкерлер.

Пайдаланушылар үшін:

* кітап қорының құрамы мен мазмұнын жан-жақты ашып көрсететін электрондық каталог;

* қолайлы және ыңғайлы функциялармен қамтамасыз етілген «Медиатека» деректер базасы;

* «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» деректер базасы;

* білім бағдарламалары бойынша отандық және шетелдік электрондық ресурстарға қолжетімді;

* анықтама қызметі 24/7;

* инклюзивті ақпараттық-ресурстар орталығы;

* «American Corner and Maker Space» ақпараттық-ресурстық орталығы;

* ақпараттық сауаттылықты арттыру бойынша тренингтер, вебинарлар және шеберлік сабақтары;

* оқытушылардың, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету қызметі;

* мәдени-ағарту бағдарламалары (әдеби кештер, поэтикалық кездесулер, кітап тұсаукесерлері, дәстүрлі және виртуалды көрмелер,»кітап апталығы»);

* ақпараттық шаралар «кафедра күні», «факультет күні», «кітапханашыға сұрақ», т.б.;

* кітапхана мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары.

*жыл сайын өтетін «ЖОО кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты халықаралық конференция.

Ғылыми кітапхана – университеттің білім беру ортасында және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті ақпараттың барлық спектрімен қамтамасыз ететін ақпараттық орталық.