«American Corner and Maker Space Astana» ақпараттық ресурстар орталығы

Ғылыми кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі 11, 307-каб.) орналасқан орталықтың  мақсаты – екі ел арасындағы байланысты нығайту, мәдениетаралық алмасуды ұйымдастыру, АҚШ туралы, оның халқы мен әлеуметтік-мәдени құндылықтары туралы ақпарат беру. Америка бұрышына келушілерге АҚШ классиктерінің шығармалары мен тарихы, мәдениеті туралы кітаптар, анықтамалық басылымдар мен кинофильмдер  топтамасы ұсынылған.  Сондай-ақ, АҚШ-тың жетекші университеттерінің әмбебап білім базасын қамтитын толық мәтінді еLibraryUSA деректер қорына қолжетімді. Мұнда ағылшын тілін меңгеруге арналған (TOEFL, IELTS, SAT және т.б.) халықаралық тесттерге дайындық бойынша кәсіби кеңестер мен АҚШ-та (EducationUSA) білім алуға байланысты кеңестер алуға болады. Ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жақсарту үшін пікірталас клубы, сөйлеу шеберлігі, видеофильм клубтары және т.б. мастер-класстар жүргізіледі. MakerSpace техникалық зертханасында шығармашылық және ғылыми-техникалық идеяларды жүзеге асыру үшін «Өзің жаса» форматында 3D принтерді, компьютерлік бағдарламаларды, робототехниканы, электрониканы, қолөнер материалдарын және басқа да құралдарды ұсынады. Үнемі техникалық дағдыларды жетілдіруге арналған курстар, тренингтер және мастер-класстар өткізіліп тұрады. Келушілер орталықтың мәдени-білім беру бағдарламаларына қатысу арқылы өздерін ерікті ретінде қалыптастыра алады, бос уақыттарын ағылшын тілінде сөйлейтін ортада пайдалы өткізіп, Қазақстан мен АҚШ-тан жаңа достар таба алады.

Байланыс: координатор – Тілеубек Арайлым Нұржанқызы

Тел. 8(7172) 709 500 (ішкі 36307)

Часы работы: с 9.00 до 20.00 (в будние дни), суббота: с 9.00 до 17.00

email: Astana@amcorners.kz

https://www.facebook.com/AmericanCornerAstana