Ғылыми-әдістемелік бөлім

Ғылыми-әдістемелік бөлім ғылыми кітапхананың құрылымдық бөлімдері қызметінің барлық салаларына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді. Кітапхананың өндірістік қызметін реттейтін әдістемелік ұсыныстар, технологиялық нұсқаулар және басқа да құжаттар әзірлейді.   Инновациялық тәжірибені идентификациялау, жинақтау және тарату – бөлім қызметінің маңызды бағыты. Біліктілікті арттыру мақсатында кітапхана мамандары үшін семинарлар, тренингтер мен курстар ұйымдастырады.  Қазіргі заманғы университет кітапханасының өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізеді. «Факультет күні», «Кітапханашыға сұрақ», «Кітап апталығы» және басқа да кешенді ақпараттық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастырады. Ғылыми кітапханада өткізілетін мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын ақпараттық жұмысты үйлестіреді. Астана және Ақмола облысының жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің кітапханалары үшін аймақтық әдістемелік орталық ретінде көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханалар қауымдастығы қызметінің шеңберінде еліміздің жоғары оқу орындарының кітапханаларымен кәсіби қарым-қатынас орнатады. Қазақстанның жоғары оқу орындарының кітапханалары үшін стратегиялық даму бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. 2012 жылдан бастап «Кітапханалық өзара ықпалдастық: жоғарғы оқу орындары кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырады.

Бөлім бастығы: Маханова Раушан Лахайбековна

Тел: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-204) , 107 каб. (Пушкин көшесі, 11)

e-mail: makhanova_rl@enu.kz

Бөлімнің жұмыс уақыты : дүйсенбі -жұма: 09.00 – 18.00, сенбі: 9.00-14.00

Жексенбі – демалыс күні.
Айдың соңғы күні – тазалық күні.