Ғылыми зерттеу жұмыстарын қолдау қызметі

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлім жұмысының мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметіне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету, ЖОО ғалымдарының мақала жариялау белсенділігін арттыру, институционалдық репозиторийді жүргізу.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

ҒЗЖ қолдау қызметтері:

ғылыми контенттің лицензияланған (жазылым) білім беру, ғылымметриялық және ашық деректер базаларымен жұмыс;
ғылыми жарияланымдардың көрінуін арттыру үшін ғалымдарды сәйкестендіру (идентификация) бойынша жұмыс;
ғылыми ізденіс дағдыларын арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін электрондық ресурстар контентін пайдалану бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялау үшін дереккөздерді таңдау бойынша консультациялар.

Институционалдық репозиторийі:

университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жинақтау және сақтау бойынша жұмыс;
әлемдік ғылыми қоғамдастыққа репозиторийдің контентін жылжыту;
Университеттің Ғылыми электронды мұрағатына ұзақ және сенімді ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Бөлім бастығы: Айтуарова Айнагуль Джанбулатовна

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (вн.36-107), каб.102 (ул.Пушкина,11)
e-mail: aituarova_ad@enu.kz

Жұмыс уақыты:

Дүйсенбі-жұма: 9.00 – 19.00
Сенбі: 9.00 – 14.00 (ҒЗЖ, ИР қолдау қызметі)
Жексенбі: демалыс

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.