"Электронды-ақпараттық ресурстарды тиімді басқару: Үндістан мен Ресей тәжірибесі" тақырыбында практикалық семинар
2024 ж. 13 мамырда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасында "Электронды-ақпараттық ресурстарды тиімді басқару: Үндістан мен Ресей тәжірибесі" тақырыбында Астана қаласының ЖОО кітапханашыларына арналған ҒЗЖ қолдау бөлімі мен "Айбукс" (Ресей), Eclat Engineering LTD (Үндістан) компаниялары бірлескен практикалық семинары өтті.
Семинарда Амит Кумар (Eclat Engineering LTD директорының орынбасары, Үндістан) және Андрей Соколов («Айбукс» ЖШҚ дамыту жөніндегі директоры, Ресей) My Loft құралын таныстырды. Іс-шараға қатысушыларға ұсынылған өнімнің мүмкіндіктері егжей-тегжейлі түсіндірілді: ЖОО-ның жазылымындағы электрондық ресурстарымен жұмысты тиімді басқару және ұйымдастыру. Кітапханашылар өнімнің функционалдығы бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, платформаның жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Бұдан әрі «Ibooks» ЭКЖ және BSP Books, International Academic Journals Network (Ijournet), SChand Publishing үнді баспаларының ғылым мен білім беру үшін ақпараттық ресурстары ұсынылды.