
XIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ КІТАПХАНА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ AI-SANA БАҒДАРЛАМАСЫ»



















2026 жылғы 22-25 сәуір аралығында Тараз қаласында, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында дәстүрлі «Академиялық кітапханаларды дамытудың заманауи үрдістері» атты XIII халықаралық конференциясы өз жұмысын қорытындылады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бастамасымен жыл сайын өткізілетін бұл беделді форум биыл М.Х. Дулати университетінде жалғасын тапты. Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі және ҚР Университет кітапханалары қауымдастығы ресми қолдау көрсетті.
Биылғы басқосу «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана: халықаралық тәжірибе және ұлттық AI-SANA бағдарламасы» тақырыбына арналды. ЕНУ мамандары, халықаралық сарапшылар мен IT-ғалымдар академиялық ортада жасанды интеллектіні қолданудың жаһандық тәжірибесін талдап, «AI-SANA» ұлттық бағдарламасын іске асыру тетіктерін талқылады.
Конференция аясында:
Қазақстандық кітапханашылар үшін ИРБИС мектебі мен инновациялық семинарлар ұйымдастырылды.
Жиын Ұлттық кітап күнімен және Тараздағы Халықаралық қолөнер фестивалімен тұспа-тұс келіп, ғылым мен мәдениеттің бірегей диалог алаңына айналды.
Экономист Берлин Иришевтің әлемге әйгілі модель Алла Ильчунның 100 жылдығына арналған «QAZAQ FASHION» кітабының тұсаукесері өтті.
Форум барысында өткен цифрлық шешімдер көрмесі отандық және шетелдік IT-компаниялардың озық технологияларын паш етті. Конференция қорытындысы бойынша академиялық кітапханаларды жаңғырту және халықаралық байланыстарды нығайту бойынша нақты ұсынымдар қабылданды.
