
Ғылыми кітапхана «Каникулға кітаппен» оқу марафонына шақырады!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы барлық білім алушыларды, оқытушылар мен қызметкерлерді кітап оқу марафонына қатысуға шақырады!
Марафонның өту мерзімі: 2026 жылғы 10 маусым – 31 тамыз
МАРАФОН ЕРЕЖЕСІ
Қатысу шарттары:
- Марафонға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері қатыса алады.
- Оқылатын кітап санына шектеу қойылмайды.
- Оқылатын кітаптар көркем әдебиет жанрында болуы тиіс.
- Қатысушы жариялайтын посттар мен бейнероликтер санына шектеу қойылмайды.
Жарияланымдарға қойылатын талаптар:
Қатысушы оқыған кітабы бойынша әлеуметтік желіде пост немесе ұзақтығы 2–3 минут болатын бейнеролик жариялайды.
Постта немесе бейнероликте:
– кітаптың атауы мен авторы көрсетілуі тиіс;
– кітаптың қысқаша мазмұны немесе негізгі идеясы қамтылуы тиіс;
– қатысушының кітап туралы пікірі мен әсері берілуі тиіс.
Барлық жарияланымдарда төмендегі хэштегтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
#КаникулғаКітаппен
#БіргеОқимыз
#library
#libenu
#ғылымикітапхана
Марафон қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар марапатталады.
Бағалау критерийлері:
– жарияланған посттың немесе бейнероликтің мазмұндылығы мен сапасы;
– қатысушының кітап туралы жеке пікірі мен талдауы;
– әлеуметтік желідегі белсенділігі (жарияланым саны мен тұрақтылығы);
– шығармашылық көзқарасы және материалды ұсыну ерекшелігі;
– оқырмандық мәдениеті мен әдеби талғамы.
Марафон қорытындысы бойынша үздік қатысушылар 2026 жылдың қыркүйек айында марапатталады.
