
Психология кафедрасының 1-курс студенттеріне Ғылыми кітапхананың электрондық ресурстары таныстырылды

Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің Психология кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, эдвайзер Мандықаева Алмагүл Рамазанқызы жетекшілік ететін 1-курс студенттеріне Ғылыми кітапхананың электрондық ресурстарын таныстыру мақсатында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесуді Ғылыми кітапхананың наукометрия саласындағы мамандары Толғанай Исатайқызы мен Арайлым Мерекеқызы жүргізді. Мамандар студенттерді электрондық дерекқорлардың мүмкіндіктерімен және ғылыми, оқу әдебиеттерін тиімді іздеу жолдарымен таныстырды. Сондай-ақ электрондық ресурстарға қашықтан қол жеткізу және оларды университеттен тыс жерде пайдалану тәртібін түсіндірді.
Іс-шара студенттердің ақпараттық сауаттылығын арттыруға, электрондық ресурстарды оқу үдерісі мен ғылыми ізденіс барысында тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
