
Әлемдік электрондық кітапханаларды білім беру үдерісінде пайдалану

2026 жылғы 20–26 қараша аралығында Физика-техникалық ғылымдар институтының барлық кафедраларында «Әлемдік электрондық кітапханаларды білім беру үдерісінде пайдалану және силлабустардағы әдебиеттер тізімін рәсімдеу» тақырыбында практикалық семинарлар өткізілді.
Іс-шаралардың мақсаты – университеттің операциялық жоспарында көзделген әлемдік цифрлық кітапханаларды пайдалану көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Семинарларды Ғылыми кітапхананың наукометрия саласындағы мамандары Сыздықова Арайлым мен Оразбек Гүлдана жүргізді.
Кездесулер барысында мамандар оқытушыларды электрондық дерекқорлардың мүмкіндіктерімен, ғылыми және оқу әдебиеттерін тиімді іздеу тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар, электрондық ресурстарға қашықтан қол жеткізу және оларды университеттен тыс жерде пайдалану тәртібі түсіндірілді.
Практикалық бөлімде әлемдік электрондық кітапханалардан білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес әдебиеттерді іздеу және оларды силлабустардағы әдебиеттер тізіміне дұрыс енгізу жолдары көрсетілді.
Аталған жұмыс силлабустарды талапқа сай рәсімдеуге, сондай-ақ ақпараттық электрондық ресурстарды оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.
