Оқу залдары мен абонементтер

Оқу әдебиеттер абонементі

Оқу әдебиеті абонементі ғылыми кітапхананың бас ғимаратының (Пушкин көшесі,11) бірінші қабатында (каб. 103) орналасқан. Бұл жерден оқу процесіне қатысты қазақ және орыс тілдеріндегі оқулықтар мен оқу құралдары бір семестрге немесе оқу жылына беріледі. Оқу абонементінде әдебиеттерді беру электронды кезек тәртібі арқылы жүргізіледі. Жеке құжаты бойынша қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 19.00. (жұмыс күндері), сенбі, 09.00- 14.00-ге дейін.

Байланыс: Исаханова Айгүл Әлиевна, бас маман.

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 36-103)

Көркем әдебиеттер абонементі

Көркем әдебиеттер абонементі кітапхананың бас ғимаратында (Пушкин көшесі, 11 ) үшінші қабатта (301 каб.) орналасқан. Абонемент қорында еліміздің және әлемдік классиктердің қазақ және орыс тілінде шығармалар жинағы бар. Көп томдық жинақтардан басқа кітап сөрелерінде ақын-жазушылардың еңбектері қойылған. Мемлекетіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасымен шығарылған әдебиеттерді де осы абонементтен алуға болады. Кітаптың берілу мерзімі бір ай, оқырман сұранысы бойынша ұзартылады. Оқырманға жеке куәлігі болған жағдайда қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 19.00. (жұмыс күндері) сенбі 09.00 -14.00-ге дейін.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Шарменова Жанар Бабакаевна, бас маман.

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 36-301)

Әмбебап әдебиеттер оқу залы

Әмбебап әдебиеттер оқу залы – оқу зертханалық ғимараттың төртінші қабатында (каб. 404) орналасқан. Оқырмандарға арналған ашық кітап қорында жаратылыстану, ғылымтану, өнер, техника, педогогика, жантану, денсаулық сақтау, спорт және тіл білімі оқу әдебиеттері мен ғылыми және кеңінен танымал әдебиеттер ұсынылған. Шет тілін оқуға тілек білдірушілер үшін оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер және анықтамалар бар. Оқу залында даталы күндерге және жаңа түскен кітаптарға тұрақты түрде көрме ұйымдастырылып тұрады. Кітапхана қызметкерлері студенттермен және ұстаздармен бірлесе отырып мәдени және көпшілік іс-шараларын жүргізеді. Соның бір мысалы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын туғызатын «Bookcrossing» акциясы. Оқу залының қызметі университеттің студенті екенін растайтын құжат негізінде көрсетіледі. Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 17.00. (жұмыс күндері), сенбі 09.00 -14.00-ге дейін.

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 17.00. (жұмыс күндері), сенбі 14.00-ге дейін.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Турумбаева Жанар Сергеевна, бас маман

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 32-323)

Әлеуметтік-экономикалық әдебиеттер оқу залы

Әлеуметтік-экономикалық әдебиеттер оқу залы – оқу-зертханалық ғимараттың төртінші қабатында (каб. 405) орналасқан. Оқырмандарға оқулықтар, ғылыми әдебиеттер, сонымен қатар әдістемелік, анықтамалық басылымдар, арнайы ғылыми-көпшілік кітаптар, экономика, философия, дінтану, тарих және саясаттану, мәдениеттану мен әлеуметтану салаларының оқулықтарына ашық қор жүйесінде қызмет көрсетіледі. Кітап қорын насихаттау және оқырмандарды жаңа түскен кітаптармен таныстыру мақсатында көрмелер, көпшілік шаралар өткізіледі. Оқырмандарға ЕҰУ-де оқып жаткандығын растайтын құжаттар бойынша қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: сағат 09.00 – 20.00. (жұмыс күндері), сенбі 09.00 – 17.00-ге дейін.

Байланыс: Спатаева Гаухар Танирбергеновна, жоғары білікті кітапханашы .

Тел: + (7172) 70-95-00 (ішкі 32-324)

Диссертация қоры

Диссертация залы оқу-зертханалық ғимаратының 4-ші қабатында орналасқан (403 каб.). Қорда әртүрлі тақырыпты қамтитын 700 кандидаттық және докторлық диссертациялар мен 9000-нан астам авторефераттар, университетте өткен ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының ауқымды жинағы қамтылған. Кітапхананың электронды каталогынан «Электрондық ресурстар мен мақалалар картотекасы» деректер базасындағы «Авторефераттар мен Диссертациялар» бөлімінен автор-тақырып-кілттік сөз арқылы іздеуге болады. Зал қызметкерлері университет ғалымдарының жарияланған ғылыми мақалалары мен еңбектерін жинақтап, оларды жүйелеп, іріктеп «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» және «ЕҰУ баспасөз беттерінде» деп аталатын толық мәтінді деректер базасына енгізеді. Университет ғалымдары мен оқытушыларының еңбектерін, сондай-ақ жаңа түскен басылымдардан хабарлар ету мақсатында Ақпарат күндері, Кафедра күндері, кітап көрмелері ұйымдастырылады. Сонымен қатар, оқырмандардың тақырыптық сұраныстары бойынша жазбаша, ауызша ақпарат береді. Оқырмандарға жеке куәлігі немесе студенттік (магистр) билеті арқылы қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 09.00-17.00 Сенбі 14.00 дейін. Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Жолдасбекова Забира Шымыртаевна , бас маман

Тел: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 32-410)

Мерзімді басылымдар оқу залы

Мерзімді басылымдар оқу залы оқу-зертханалық ғимаратының 4-ші қабатында орналасқан (412 каб.). Мұнда қазақстандық және ресейлік мерзімді басылымдармен қатар, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы және реферативтік журналдарға ашық қолжетімді. Қордағы газеттердің сақталу мерзімі – соңғы 5 жыл, журналдар – соңғы 10 жыл. Сондай-ақ, электронды каталогты, толық мәтінді деректер базасы мен әлемдік электрондық ресурстарды пайдалануға мүмкіндіктер жасалған.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындап, кеңестер береді. Оқырмандарға жеке куәлігі немесе студенттік (магистр) билеті арқылы қызмет көрсетіледі.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 09.00-17.00 Сенбі 14.00 дейін.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Гаукар Бакировна Қыдырбаева

Тел:+7 (7172) 70-95-00 (ішкі 32-406)

Электронды ресурстар залы

Электронды ресурстар залы – ғылыми кітапхана бас ғимаратының үшінші қабатында орналасқан (304 каб.). Қолданушылар интернет желісіне қосылған 20 компьютер, электронды каталог және әлемдік деректер қорымен жұмыс жасай алады. Сонымен қатар білім беру жүйесіне арналған әр түрлі салада CD-DVD-дисктер жинақтары бар.Күнделікті зал қызметкерлері деректер базасы, электронды каталогты қолдану бойынша кеңестер береді және жаңа электронды ресурстармен таныстыру мақсатында презентациялар ұйымдастырып отырады.

Жұмыс кестесі: 9.00-20.00 (жұмыс күндері), сенбі – 17.00-ге дейін.

Әр айдың соңғы күні – тазалық күні

Байланыс: Мустафина Татьяна Станиславовна, бөлім басшысы

Тел:+7 (7172) 70-95-00 (ішкі: 36-305)

American Corner and Maker Space Astana

Ақпараттық орталық ғылыми кітапхананың бас ғимаратында үшінші қабатта (307 каб.) орналасқан. Орталықта АҚШ-тың тарихы мен мәдениеті бойынша кітаптар жиынтығы және классиктерінің туындылары мен қазіргі заманғы әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, фильмотека бар. Пайдаланушыларға қызмет көрсетуде АҚШ-тың жетекші университеттерінің жан-жақты білім базасын қамтитын еLibraryUSA деректер қоры ұсынылған.

Орталық халықаралық тест TOEFL, SAT, IELTS тапсыру үшін дайындық ісінде кәсіби кеңестер береді. Сонымен қатар, АҚШ-та білім алу туралы кеңестер беріледі (EducationUSA). Көптеген келушілердің ағылшын тілін жақсартуда пікір-сайыс клубы, шешендік өнер клубы, бейнефильм клубы өткізіледі.

Шығармашылық ғылыми-техникалық идеяларды іске асыруда «Сделай сам» Maker Space форматындағы шығармашылық зертхана аймағы 3D принтер, компьютерлік бағдарламалар, робототехника, электроника, жасанды материалдар мен басқа да құралдарды ұсынады. Орталыққа келу тіркеусіз жүргізіледі. Егер келуші үйге кітап алатын болса кезекші үйлестірушіге жеке куәлігін ұсынып тіркелу қажет.

Жұмыс уақыты: 09.00-дан 17.00-ге дейін (жай күндері), сенбі 09.00-дан 14.00-ге дейін

Байланыс: тел. 8(7172) 709 500 (ішкі: 36307);

e-mail: astana@amcorner.kz

American Corner Nur-Sultan үйлестірушісі: Тілеубек Арайлым

Education Advising Center кеңесшісі:

Жаңалықтар, хабарландырулар, іс-шаралар кестесі:

https://www.facebook.com/AmericanCornerNurSultan

https://vk.com/club108334830

Instagram: Nur-Sultan@amcorners.kz