
Репозиторий
ArXiv — физика, математика, информатика, биология, қаржы, статистика, электротехника және жүйелік ғылым, сондай-ақ экономика саласындағы 2,4 миллионға жуық ғылыми мақалаларға ашық қолжетімді мұрағат. Бұл сайттағы материалдарды arXiv рецензияламайды.
Bulgarian Digital Mathematics Library (BulDML) — Болгария Ғылым академиясының Математика және информатика институтының сандық репозиторийі.
CaltechAUTHORS — жарияланған журнал мақалаларынан, диссертациялардан, патенттерден, кітаптардан, конференция баяндамаларынан, кітап тарауларынан, веб-сайттардан тұратын Калифорния технологиялық институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарының репозиторийі.
Directory of Open Access Repositories (DOAR) — академиялық ашық репозиторийлердің беделді каталогы.
SSRN — ерте зерттеулермен алмасуға, идеяларды дамытуға, бүкіл әлем бойынша ғалымдардың нәтижелерін өлшеуге ықпал ететін пәнаралық зерттеу платформасы. 1 463 042 алдын ала басып шығаруға және 65-тен астам пәндер бойынша 1 871 574 зерттеушінің ғылыми жұмыстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Zenodo — барлық ғылыми жұмыстарға арналған ашық репозиторий, барлық қол жетімді жүктеулерге сандық нысан идентификаторын (DOI) тағайындайды. Zenodo Mendeley, ORCID, Crossref және OpenAIRE-мен өзара әрекеттеседі.
