
Ғылыми ресурстардың ғылыми-әдістемелік презентациясы
Құрметті әріптестер, зерттеушілер және білім алушылар!
Сіздерді білім беру үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметінде халықаралық электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Іс-шара барысында келесі ресурстардың мүмкіндіктері мен олармен жұмыс істеу құралдары таныстырылады:
IEEE Computer Society Digital Library (IEEE CSDL) — компьютерлік ғылымдар, ақпараттық технологиялар және инженерия салаларындағы ғылыми жарияланымдарды іздеу және пайдалану үшін.
Emerald Premium Journals — ғылымның түрлі бағыттарын, менеджментті, экономиканы және әлеуметтік ғылымдарды қамтитын жетекші халықаралық журналдардағы ғылыми мақалаларды іздеу және пайдалану үшін.
ICE Virtual Library (ICE Collection) — азаматтық құрылыс, инженерия және сабақтас техникалық салалар бойынша ғылыми жарияланымдарға, журналдар мен басқа да материалдарға қол жеткізу үшін.
Oxford Scholarship Online — гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары және құқық салаларындағы ғылыми басылымдардың академиялық кітапханасына қол жеткізу үшін.
Cambridge Core — жаратылыстану және техникалық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, сондай-ақ бизнес пен басқару салаларындағы академиялық журналдарға қол жеткізу үшін.
Таныстырылым барысында қатысушылар аталған электрондық ресурстардың функционалдық мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми ақпаратты тиімді іздеу тәсілдерін меңгереді және қолжетімді материалдарды ғылыми жарияланымдар, диссертациялық зерттеулер мен оқу жұмыстарын дайындауда пайдалану жолдарын үйренеді.
Іс-шара Қазақстан Республикасының академиялық қауымдастығына арналған бейінді ғылыми-білім беру іс-шараларын ұйымдастыруда көпжылдық тәжірибесі бар ресми өкілдермен бірлесіп өткізіледі.
Күні: 2026 жылғы 21 қазан
Уақыты: 15:00
Спикерлер:
Әсел Қалқан, MIKRO Information компаниясының өңірлік өкілі
Доктор Diu Seng See (Ди Си Си), Igroup баспасының ресми өкілі
Марчин Дембовски, Оксфорд университеті баспасының өңірлік менеджері
Лешек Червински, Кембридж университеті баспасының өңірлік менеджері
