
Университеттің ғылыми кітапханасының миссиясы – заманауи ғылыми білімдер мен ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету, университеттің оқу және ғылыми-зерттеу процесін қолдау, студенттердің, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық және кәсіби өсуіне ықпал ету. Кітапхана қолайлы ақпараттық орта құруды, қызмет көрсету сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды енгізуді, пайдаланушылардың ғылыми және ақпараттық сауаттылығын дамытуға ықпал етуді мақсат етеді.
