
Ғылыми кітапхананың құрылымы кітапхананың тиімді жұмыс істеуін және оның пайдаланушылармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстар кешенін қамтиды:
- Кітаптар мен ғылыми журналдарға, электрондық ресурстар мен деректер базасына қолжетімді электрондық кітапхана;
- Білім алушылар мен оқытушылардың және ғылыми қызметкерлердің өзіндік жұмысы үшін арнайы жабдықталған, кітаптарға, компьютерлерге және интернетке қолжетімді жұмыс орындарымен жабдықталған салалық 12 оқу залы мен 2 абонемент;
- Өзіндік жұмыстары мен жобаларды орындайтын және шағын топтарда зерттеу сұрақтарын талқылай алатын арнайы топтық жұмыс бөлмелері;
- Қолжетімділікті қамтамасыз ету мен сақтау үшін кітаптарын электронды нұсқаға ауыстырумен айналысатын цифрландыру орталықтары;
Ғылыми кітапхананың инфрақұрылымы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге және университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне қолдау көрсетуге бағытталған.
