
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау бөлімі
Бөлім жұмысының мақсаты — Университеттің ғылыми қызметіне ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету, зерттеуші ғалымдардың жарияланым белсенділігі мен танылуын арттыру, институционалды репозиторийді толықтыру.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
1. Зерттеушілерді лицензиялық электрондық ресурстар арқылы өзекті ғылыми ақпаратпен қамтамасыз ету.
2. Университет ғалымдарының ғылыми қоғамдастықта көрінімділіктерін арттыруға жәрдемдесу:
- ғалымдардың профильдерімен жұмыс (Researcher ID, ScopusAuthorID, ORCID, РҒДИ (РИНЦ), Google Scholar);
- университет ғалымдарының еңбектерін Институционалдық репозиторийде (автордың Келісімі бойынша), eLIBRARY.RU (РҒДИ) ғылыми электрондық кітапханасында мұрағаттау;
3. Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық сауаттылығын арттыру:
- ғылыми ресурстарды қолдану дағдыларын дамыту бойынша шаралар ұйымдастыру;
- ғылыми ресурстармен және сервистермен жұмыс жөніндегі әдістемелік құжаттарды әзірлеу;
- ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін (мақалалар, монографиялар) жариялау үшін ғылымметриялық платформаларды пайдалану бойынша консультациялар.
Бөлім басшысы: Айтуарова Айнагуль Джанбулатовна
Адрес: ул.Пушкина к-сі, 11
1 қабат, 102, 110 каб.
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі тел. 36-107, 36-201),
e-mail: aituarova_ad@enu.kz
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: 9.00-19.00
Сенбі: 9.00-14.00
Жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.
