
Ақпараттық-библиографиялық бөлім
Бөлім жұмысының мақсаты — Университет пайдаланушыларына сапалы әрі жедел ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, оқу және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қолдау, пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Бөлімнің негізгі бағыттары:
Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету:
– пайдаланушылардың сұраныстары бойынша библиографиялық анықтамалар орындау;
– оқу және ғылыми жұмыстарға қажетті ақпарат пен әдебиеттерді іздеуге және іріктеуге көмек көрсету;
– жаңа әдебиеттер мен кітапхананың ақпараттық ресурстары туралы пайдаланушыларды ақпараттандыру.
Библиографиялық және ақпараттық материалдар дайындау:
– библиографиялық көрсеткіштер, әдебиеттердің тақырыптық тізімдері, ресурстарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар және басқа да ақпараттық материалдар дайындау.
Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру:
– кітапхана каталогын, электрондық ресурстар мен деректер базаларын пайдалану бойынша кеңес беру;
– библиографиялық сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін рәсімдеу бойынша кеңес беру;
– библиографиялық сабақтар, тренингтер мен семинарлар өткізу.
Бөлім басшысы: Байғабылова Айнұр Нәупілқызы
Мекенжай: Қажымұқан көшесі, 11, № 5 оқу-зертханалық ғимарат
№ 11 оқу залы (диссертациялар қоры) – 403-кабинет
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі тел. 32-410)
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі–жұма: 09:00–17:00
Сенбі: 09:00–14:00
Жексенбі – демалыс күні
№ 9 оқу залы (мерзімді басылымдар) – 412-кабинет
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі тел. 32-406)
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі–жұма: 09:00–20:00
Сенбі: 09:00–17:00
Жексенбі – демалыс күні
Айдың соңғы күні – тазалық күні
