
Біз туралыКітапхана құрылымы
Қорды толықтыру бөлімі
Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
- Кітапхана қорын қалыптастыру: кафедраның сұраныстарына сәйкес білім бағдарламаларын баспа және электрондық басылымдармен, мерзімді басылымдармен қамтамасыз ету;
- Жарыққа шыққан жаңа басылымдар мен нарықты талдау: жаңа басылымдарды, баспа ұсыныстарын қадағалайды, кітап шығарудағы ағымдағы үрдістерді талдайды және ең өзекті және сұранысқа ие материалдарды таңдайды;
- Қордың қолданылуы мен басылымдардың сұранысына талдау жүргізу;
- Жаңа түскен басылымдарды есепке алу және жүйелеу;
- Қордағы мазмұны ескірген немесе тозған немесе пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін басылымдарды есептен шығару;
- Кафедралардың тапсырыстары мен ұсыныстарын жинау және талдау;
- Пайдаланушылардың өзекті ақпаратқа жедел қол жеткізуі үшін кітапхананың электрондық каталогына жаңа түсімдерді енгізу.
Бөлім басшысы: Ахметова Айгуль Амангелдіқызы
Адрес: ул.Пушкина к-сі, 11, 106 каб.
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі 36-106).
e-mail: akhmetova_aa_8@enu.kz
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-жұма: 9.00-18.00
Сенбі: 9.00-14.00
Жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні.
