
«ЖОО кітапханаларын дамытудың заманауи әлемдік үрдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жыл сайын Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми кітапханасының базасында өткізіледі және өзекті тақырыптар талқыланады:
- қазіргі ЖОО кітапханасы мен жоғары білім мен ғылымды ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етудің даму үрдісі;
- ЖОО кітапханасы ұсынатын қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге арналған заманауи бағдарламалық-техникалық шешімдер;
- ЖОО кітапханаларының ақпараттық ресурстары: оларды академиялық ортада қалыптастыру және ілгерілету тәжірибесі мен перспективалары;
- университет кітапханаларының кеңістігін қалыптастыру мен жаңғыртудың қазіргі басымдықтары мен үрдістері;
- кітапханашы мамандардың білімінің өзекті мәселелері және олардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Конференцияға қатысуға Қазақстан мен шет елдердің ЖОО кітапханаларының басшылары мен жетекші мамандары, кітапхана саласындағы зерттеушілер шақырылады.
