Гүлстан Қаршығайқызы Жұмабаеваның 8D05306 – Химия білім беру бағдарламасы бойынша диссертациясын алдын ала қорғау
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Химия кафедрасында 8D05306 – Химия білім беру бағдарламасы бойынша Жумабаева Гулстан Каршыгаевнаның философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға ұсынылған «Бионысандардың биологиялық реакциясын күшейту үшін табиғи кеуекті бейорганикалық материалдарды биотәрізді молекулалармен модификациялау әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясының алдын ала тыңдалуы өтеді.
Өткізілу орны, уақыты: Қажымұқан Мұңайтпасұлы көшесі, 13, №3-ші корпус, ауд 333; 2024 жылының 11-шы маусымында, Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де.
Диссертациялық жұмыс «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ-нда химия кафедрасында орындалды.
Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде тыңдалады.
Рецензенттер:
Джалмаханбетова Роза Илемисовна – химия ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің химия кафедрасы.
Кудайбергенова Батес Маликовна – Phd, қауымдастырылған профессор, Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимер химиясы және технологиясы кафедрасы.
Ғылыми кеңесші:
Еркасов Рахметулла Шарапиденович – химия ғылымдарының докторы, профессор.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
Бакибаев Абдигали Абдиманапович – химия ғылымдарының докторы, Томск мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінің органикалық синтез зертханасының профессоры, Томск қ, РФ.