
Ғылыми кітапханада «Шын жүректен кітап сыйла» шарасы өтті

























































Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Ғылыми кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» атты мерекелік шара өтті. Аталған игі дәстүр кітапханада жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылы шараның мазмұны жаңартылып, кітапхана қорын толықтыруға және оқырмандар арасында кітап сыйлау мәдениетін кеңінен насихаттауға бағытталды.
Кітапхана директоры Б. Оразалиев бұл бастаманың негізгі мақсаты – оқырмандарды кітап оқуға шақыру, білім алушылардың оқу мәдениетін арттыру және кітаптың рухани құндылық ретіндегі маңызын дәріптеу екенін атап өтті.
Шара барысында Қарағанды қаласындағы «Қасым» баспасының негізін қалаушы, кәсіпкер Ерлан Әшімге қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі М.Мағауинның 26 томдық шығармалар жинағының екі данасын кітапхана қорына сыйға тартқаны үшін алғыс білдірілді.
Іс-шараға ақын-жазушылар Бахыт Рустемов, Канат Омар, Дина Ораз, Олжас Қасым қатысып, өздері ала келген кітаптарын ғылыми кітапхана қорына тарту етті.
ЕҰУ ғалымы, профессор А. Байарыстан жастарды кітап оқуға үндеп, кітаптың рухани азық әрі сенімді серік екенін жеткізді. Ғалым бұған дейін өзінің «Жоғары математика» атты төрт томдық еңбегін кітапханаға тарту еткенін айтып, бұл жолы қазақ жазушысы Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» романын сыйға ұсынды.
Мерекелік шара соңында университеттің 30 жылдығына орай Ғылыми кітапхана ұйымдастырған «Ғылымға бастаған кітапхана» атты эссе байқауының жүлдегерлері марапатталды.
