
Табиғатқа жанашыр қаламгерлер











Ғылыми кітапханада «Таза Қазақстан» 2024–2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Табиғатқа жанашыр қаламгерлер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты — көркем әдебиет арқылы экологиялық идеяларды насихаттау және қазақ әдебиетіндегі табиғат тақырыбының терең мазмұнын таныту.
Кітап көрмесіне М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Т.Айбергенов, А.Құнанбайұлы, С.Дүйсенғазин және басқа да қаламгерлердің табиғат, туған жер, қоршаған орта тақырыбына арналған, табиғаттың сұлулығы мен оны қорғау мәселелерін арқау еткен шығармалары қойылды.
Ақын-жазушылар туындыларында қазақ даласының көркем бейнесі, жыл мезгілдерінің әсемдігі, табиғат пен адам арасындағы үйлесім терең суреттеледі. Бұл шығармалар оқырманды табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелейді.
