
Ғылыми кітапханада EBSCO Information Services тренингі





24.02.2026 күні пәндік кітапханашылар мен оқытушыларға Александр Рытов, EBSCO компаниясының ресми өкілі қатысуымен оқыту тренингі өткізілді.
Іс-шара барысында пәндік кітапханашылар 3,7 миллиардтан астам жазбаны әртүрлі дереккөздерден біріктіретін және Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының барлық жазылымдық лицензиялық дерекқорлары бойынша бірыңғай интерфейс арқылы іздеу жүргізуге мүмкіндік беретін EBSCO Discovery Service (EDS) платформасының мүмкіндіктерімен танысты.
Спикер EDS тек EBSCO-ның өз ресурстарының метадеректерін ғана емес, сонымен қатар серіктес дерекқорлардың метадеректерін де индекстейтінін атап өтті. Олардың қатарында BASE, DOAB, DOAJ және басқа да ірі ғылыми ақпарат агрегаторлары бар.
Осындай тренингтер кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, олардың біліктілігін жетілдіруге және ақпараттық қызмет көрсету сапасын көтеруге ықпал етеді.
