
«Экобілім алаңы» танымдық викторина















Кітапханада студенттер арасында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға бағытталған білімдік-танымдық викторина өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға экология, қоршаған орта, қайта өңдеу, табиғи ресурстарды үнемдеу, экологиялық қауіптер мен оларды шешу жолдарына байланысты «Қандай энергия көздері экологиялық таза болып саналады?», «Қазақстанда қоқыс мәселесін тиімді шешу үшін қандай нақты шаралар қолдану керек?», «Әр адам экологияны қорғау үшін күнделікті өмірде не істей алады?», «Жасанды интеллект табиғатты қорғауға қаншалықты көмектесе алады?» деген сияқты сұрақтар қойылып, студенттер өз ойларымен бөлісті.
Өткізілген викторина студенттердің экологиялық санасын қалыптастырудағы маңызды қадам болды.
