
Қор құнды мұрамен толықты









Qasym баспасы Ғылыми кітапхана қорына қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мұхтар Мағауиннің 26 томдық толық шығармалар жинағының екі топтамасын сыйға тартты.
Аталған басылым – ұлттық әдеби мұраны насихаттауға қосылған сүбелі үлес әрі оқырман қауым үшін зор рухани олжа. Көрнекті жазушының тарихи танымы терең, көркемдік қуаты биік шығармалары енді кітапхана қорында сақталып, білім алушылар мен зерттеушілерге, әдебиетсүйер қауымға кеңінен қолжетімді болмақ.
Көптомдық жинақ жазушы мұрасының әр кезеңін қамтып, оның прозалық, тарихи және зерттеушілік еңбектерін бір арнаға тоғыстырады.
Бұл өз кезегінде қазақ әдебиеті мен руханиятын зерделеуге тың серпін беретіні сөзсіз.
Ғылыми кітапхана ұжымы қорды толықтыруға атсалысқан Qasym баспасына шынайы алғыс білдіреді.
Ұлттық әдебиетіміздің абыройы артып, рухани қазынамыз толыға берсін!
