
Ұлағатты ұстаз









Ғылыми кітапханада «Оқытушы еңбегі – оқырманға ой салса» жобасы аясында ғалым, филология ғылымдарының докторы Сағымбай Жұмағұлмен «Ұлағатты ұстаз» атты кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақ өзінің кәсіби жолы туралы әңгімелеп, ғылыми-зерттеушілік қызметіндегі қызықты деректерімен және өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ жас мамандарға құнды кеңестер беріп, өз еңбектерін кітапхана қорына табыстады.
Шара барысында ғылыми кітапхана қызметкері Арманбек Жакейхан ұстазға арналған ән орындады. Филология факультетінің 3-курс студенті Нұрсұлтан Рахимов пен журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3-курс студенті Рамазан Орынбасар ұстаз туралы жыр жолдарын оқыды.
Сонымен қатар ғалымның шәкірті Аяулым Тағайбек ұстазына жүрекжарды лебізін білдірді.
Кеш соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкері Ляззат Усманова қонаққа ұжым мен оқырмандар атынан алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.
