
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ресурстары
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Институционалды репозиторийы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ зерттеушілерінің жұмыстарының сандық қоймасы. Оқу және ғылыми әдебиеттердің толық мәтіндерін қамтиды: конференциялар, семинарлар материалдары, ғылыми журналдардағы мақалалар, хабаршылар, монографиялар, оқу басылымдары бар.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми басылымдары - Университеттің журналдары мен хабаршыларының толық деректері мен мұрағаттары ұсынылған, оның ішінде, Web of Science, Scopus ғылыми-метрикалық базаларында индекстелген.
Ғылыми кітапхананың жазылымындағы электрондық деректер базасы - Университеттің жазылымы бойынша дерекқорлар, ғылым және білім беру ресурстарының жинақтары (ғылыми, оқу, библиографиялық, рефераттық, шолу және әдебиеттің басқа түрлері). Кампуста ресурстарға қолжетілімділік авторизациясыз беріледі, кампустан тыс жерде пайдалану үшін Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ IP-мекен-жайы бойынша жеке тіркелу қажет.
Баспа басылымдарының электрондық каталогы - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапхана қорының баспа басылымдарының библиографиялық жазбаларының ДБ, «Мерзімдік басылымдар» ДБ, «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ОПҚ еңбектері» ДБ, «ЕҰУ Хабаршысы» ДБ қамтиды. Электрондық каталогта әдебиеттің жетіспейтін даналарының толық мәтіндері, кейбір әлемдік академиялық баспалардың шетелдік ғылыми басылымдарының толық мәтіндері бар. Кіру «Platonus» АЖ есептік жазба бойынша беріледі.
