
ҚР ҒЖБМ Ұлттық жазылым ресурстары
«Web of Science» ДБ - рецензияланған ғылыми әдебиеттердің бірнеше библиографиялық және рефераттық дерекқорларын біріктіретін ғылымометриялық пәнаралық платформа. Кешенді платформа 159 миллионнан астам жазбалардың 1,7 миллиардтан астам сілтемелерін қолдана отырып, барлық пәндер мен уақыт кезеңдері бойынша идеяларды бақылауға мүмкіндік береді. Web of Science-те ақпаратты іздеу ережелері.
Scopus ДБ - рецензияланған ғылыми әдебиеттердің рефераттары мен дәйексөздерінің кешенді көпсалалы дерекқоры. Платформа 330 дисциплинаны, +94 миллион жазбаны, +29 200 рецензияланған журналды, + 330 000 кітапты қамтиды. Кіріктірілген деректерді бақылау, талдау және визуализация құралдары, Scopus-тағы іздеу құралдары мен сүзгілері сәйкес көздерді табуға, зерттеулердегі тенденцияларды, жаңа тақырыптарды анықтауға мүмкіндік береді. Scopus ДБ-мен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық.
«Wiley Online Library» ДБ - 1997 жылдан бастап толық мұрағаты бар 1600 физикалық, әлеуметтік және гуманитарлық журналдардың толық мәтіндік дерекқоры. Wiley баспасының көптеген журналдары Scopus және Web of Science ғылыми метрикалық платформаларында индекстелген. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де ҒЖБМ Ұлттық жазылымы мен Open Access құрамына кіретін ғылыми журналдарға қолжетімді. Wiley Online Library пайдаланушы нұсқаулығы. Қашықтан қолжеткізу нұсқаулығы.
Wiley Researcher Academy Online - зерттеу жарияланымының барлық аспектілерін қамтитын көптеген курстары бар кешенді онлайн оқыту платформасы. Платформада тақырыптық курстар бар: зерттеушінің мансабы, қолжазбаларды жазу және ұсыну, басылымдардың жетілдірілген аспектілері, авторлар үшін қосымша дағдылар. Курстардан өз бетінше өтіп, емтихан тапсырғаннан кейін сертификат алу қарастырылған. Платформаға толық қол жеткізу үшін университеттің IP-мекен-жайы бойынша тіркелу қажет.
