
Диссертациялар
DSpace@MIT – MIT зерттеулерінің сандық репозиторийі, рецензияланған мақалаларды, техникалық есептерді, жұмыс құжаттарын, 1888 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі диссертацияларды қамтиды.
Electronic Library of Mathematics (E-Lis) – журналдар, жинақтар, конференция материалдары, монографиялар, дәріс жазбалары, математикадан классикалық шығармалар, математикалық монографияларға сілтемелер және интернеттегі дәріс жазбалары бар математика репозиторийі.
Open Access Theses and Dissertations (OATD) – 1100-ден астам колледждерден, университеттерден және ғылыми-зерттеу институттарынан диссертациялар мен тезистерді іздеуге арналған ресурс. Қазіргі уақытта OATD 3 млн. астам құжаттарды индекстейді.
PQDT OPEN – PQDT Open дерекқоры әлемнің әртүрлі елдерінде қорғалған диссертациялардың толық мәтіндеріне еркін қол жеткізуге мүмкіндік береді. Құжаттарды кілт сөздер, автор, диссертацияның атауы, ғылыми жетекшісі, пәні, қорғалған мекеме бойынша іздеуге болады.
Theses.fr – іздеу жүйесінде 1985 жылдан бастап Францияда қорғалған барлық диссертациялар бар. Сондай-ақ, соңғы 10 жылда барлық пәндер мен барлық мекемелер бойынша дайындық сатысында тұрған диссертациялар.
Тhe Networked Digital Library of Theses and Dissertations (NDLTD) – әлемдік университеттердің тезистері мен диссертацияларының желілік цифрлық кітапханасы. Толық мәтінге сілтемелері бар 4 миллионнан астам жазбалар.
