
Кітаптар
EU Bookshop – Еуропалық Одақтың әртүрлі білім салалары бойынша жарияланымдарының тегін онлайн мұрағаты.
Open Access Publishing in European Networks (OAPEN) – білімнің әртүрлі салалары бойынша 700-ден астам толық мәтінді PDF кітаптарын ұсынатын тегін ресурс. Деректер базасын Еуропадағы университеттік ғылыми баспалар консорциумы қолдайды.
Directory of Open Access Books (DOAB) – ашық қолжетімді электронды кітапхана. DOAB негізгі мақсаты — ашық қолжетімді кітаптардың қолжетімділігін арттыру. Қазіргі уақытта 50 ірі баспаның 1410-нан астам кітабы ұсынылған.
OpenEdition – Open Edition гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы электрондық ресурстарға арналған төрт платформаны біріктіреді: OpenEdition Books, Revues.org, Hypotheses, Calenda. Open Edition бұл ғылыми зерттеулерді ілгерілетуге, мыңдаған құжаттарды еркін қол жетімді етіп жариялауға арналған кеңістік. Қазіргі уақытта платформаларда 1500-ден астам кітаптар мен 400-ден астам журналдар бар.
JSTOR — Open Access monographs – JSTOR Компаниясы өзінің ашық қолжетімді кітап платформасында (Open Access monographs) таныстырудың жаңа бағдарламасын бастады. Бүгінгі таңда платформада University of California Press, University of Michigan Press, UCL Press, and Cornell University Press төрт беделді баспасынан 63 монография ұсынылған. 2017 жылы компания кітаптар тізімін бірнеше жүз аталымға дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Intechopen – кітаптарды ашық қолжетімділікте жариялай бастаған әлемдегі алғашқы және ең ірі баспа. Негізгі тақырыптық бағыты – физика және техникалық ғылымдар, технологиялар, медицина ғылымдары, өмір туралы ғылымдар. Сондай-ақ әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар бойынша кітаптар жинағы бар. 2004 жылдан бастап баспа 87000-нан астам авторлармен серіктес болды және 1500-ге жуық кітаптар мен 6 журнал шығарды. Ұйымның жалпы мақсаты – зерттеушілерге ғылыми жұмыстарды әлемнің әртүрлі елдеріне таратуға көмектесу. Баспаның оқырмандары – ғалымдар, университет профессорлары, студенттер және ғылыми кітапханаларға келушілер. InTech: 1500-ге жуық ғылыми басылымдарға еркін қолжетімді.
Arxiv – Cornell University Library құрылған ресурс. Физика, математика, информатика, биология, сандық қаржы және статистика бойынша 1 миллионнан астам электрондық баспа басылымдарына ашық қолжетімді.
Questia Online Library – 1800-1930 жылдардағы 5000-нан астам кітап Questia платформасында кез-келген Интернет қолданушы үшін тегін, ашық.
