
Уақытша қолжетімді деректер қоры
01.10.2025-дан 30.11.2025 дейін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне WWW.CNKI.NET ғылыми-ақпараттық платформасына тестілік қолжетімділік берілді.
CNKI (China National Knowledge Infrastructure) — Қытай Халық Республикасының ең ірі академиялық ресурсы болып табылады және ғылым мен білімнің барлық бағыттары бойынша ауқымды ғылыми жарияланымдар қорына қолжетімділікті ұсынады. Платформада жетекші рецензияланған журналдар, диссертациялар, конференция материалдары, сондай-ақ ст атистикалық және талдамалық деректер жинақталған.
Платформаның заманауи цифрлық құралдары, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары, ғылыми ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау үдерістерін жеңілдетіп, терең ғылыми жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Ресурсқа өтіп, пайдалану шарттарымен танысу үшін Ғылыми кітапхананың MyLoft платформасындағы бетіне жүгініңіз.
