
Ашық қолжетімділік (Open Access), Будапешт бастамасы барысында берілген анықтама бойынша - бұл Интернет желісіндегі ғылыми және оқу материалдарына нақты уақыт режимінде еркін, тұрақты, толық мәтінді қол жетімділік.
Ашық қол жетімділік еркін оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға, басып шығаруға, білім беру мақсатында пайдалануға немесе басқа тәсілдермен заңды түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
