Зерттеушілерге арналған семинар

2023 жылдың 4-қыркүйегінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасы мен Elsevier Баспа Компаниясы Университеттің барлық Elsevier журналдары мен кітаптарына толық мәтінді қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында университет зерттеушілеріне бірлескен семинар өткізді.

Elsevier компаниясының қызметкері Helena Paczuska Science Direct платформасының функционалдығы мен құралдары, ғылыми зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі, Elsevier баспасының журналдары мен монографияларында ғылыми зерттеулерді жариялау процестері туралы сұрақтарға жауап берді.

Семинарға on-, offline форматында 100-ге жуық зерттеуші қатысты. Семинар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды, Elsevier баспасының ресурстарына қолжетімділіктің болуы жарияланым белсенділігінің тиімділігі мен өсуінің, ОПҚ және университеттің жас ғалымдары арасында ғылыми зерттеулерінің сапасын артуының негізі болып табылатыны атап өтілді.