Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау бөлімі
Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау бөлімі кітапхана процестерін автоматтандырудың заманауи технологияларын енгізу, қолдау және дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қолдау үшін электрондық ресурстар топтамасын қалыптастырады.
Бөлімнің құрылымында:
- Электрондық ресурстар залы
- Ғылыми зерттеу жұмысын (ҒЗЖ) қолдау қызметі
- Институционалдық репозиторий (ИР)
Жұмыстың негізгі бағыттары:
Электрондық ресурстар залы:
- Пайдаланушыларға АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) және сымсыз желілер арқылы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- Лицензиялық (жазылымдық) білім беру және ғылыми электрондық ресурстарға қолжетімділікті (оның ішінде қашықтан) ұсыну;
- «Электрондық кітапхананы», жазылған (подписным) электрондық ресурстарды, өз генерациясының дерекқорын пайдалану бойынша консультациялық-анықтамалық қызметтер (on -, offline) көрсету;
- Білім беру ресурстарын пайдалану бойынша ақпараттық тренингтер өткізу;
- Кітапхананың веб-сайтын жүргізу;
- «ЕҰУ Медиатека» деректер базасын құру;
- «Электрондық кітапхана» үшін сандық мазмұнды дайындау.
ҒЗЖ қолдау қызметтері:
- Ғылыми контенттің лицензиялық (жазылу), ғылымиметрикалық және ашық деректер базаларымен жұмыс;
- Ғылыми жарияланымдарының көрінуін арттыру үшін ғалымдарды сәйкестендіру бойынша жұмыс;
- Ғылыми ізденіс дағдыларын арттыру, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін электрондық ресурстар контентін пайдалану бойынша оқыту тренингтерін өткізу;
- Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін жариялау үшін дереккөздерді таңдау бойынша консультациялар.
Институционалдық репозиторий:
- Университет ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жинақтау және сақтау бойынша жұмыс;
- Әлемдік ғылыми қоғамдастықта репозиторийдің контентін жылжыту;
- Университеттің Ғылыми электронды мұрағатына ұзақ және сенімді ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Бөлім бастығы: Айтуарова Айнагуль Джанбулатовна
Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (іш.36-107), каб.102 (Пушкин к-сі,11)
e-mail: aituarova_ad@enu.kz
Жұмыс уақыты:
Дүйсенбі-сенбі: 9.00 – 21.00 (Электрондық ресурстар залы)
Дүйсенбі-жұма: 9.00 – 17.00
Сенбі: 9.00-14.00 (ҒЗЖ, ИР қолдау қызметі)
Жексенбі: демалыс күні
Айдың соңғы күні – санитарлық күн.