Тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кітапханасында кітапхана ұжымымен American Corner and MakerSpace орталығы бірлесе отырып, тәуелсіздік күніне арналған әдеби-сазды кеш өткізді.
Мерекелік әдеби кеш қонақтарын құлақ құрышын қандырар әсем әуенмен қатар қос ішекті домбырамен құйқылжытып күй күмбірлетіп, жан дүниені тебірентті. Тәуелсіздіктің қалыптасу жылдарында Қазақстан Республикасы көптеген жетістіктерге жетті және еркіндік, бірлік, тұрақтылық, гүлдену сияқты негізгі құндылықтарын дәріптеу барысында зияткерлік ойындар ұйымдастырылды. Жалпы, әдеби кеш жастарымыздың жан-жақты дамыған, білімді, қоғамдық белсенді тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Ойын қатысушыларына American Corner and MakerSpace орталығынан сыйлықтар тарту етілді.