Құрметті пайдаланушылар!!!

Естеріңізге сала кетейік, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Springer Nature баспасының рейтингтік мақалаларына, журналдарына және кітаптарына қол жетімді. Сізге 1997 жылдан 2023 жылға дейінгі ғылымның барлық бағыттары бойынша басылымдар, 2273 журнал мен мақала қол жетімді; 2022 жылғы “Интеллектуалды технологиялар және робототехника (Intelligent Technologies and Robotics)” бойынша кітаптар жинағы, 2022 жылғы «Бизнес және менеджмент (Business and Management)» бойынша кітаптар жинағыда қолжетімді. 

Университет кампусынан ресурсқа кез келген компьютерден қол жеткізе аласыз, қашықтан қол жеткізу үшін тіркелу қажет. Сіз бұл баспаның қол жетімді мақалаларын, журналдары мен кітаптарын тегін және шексіз оқып, жүктей аласыз.