Ақпараттық-библиография бөлімі

Ақпараттық-библиография бөлімі университеттің  білім беру, оқу-зерттеу қызметінің бағыттарына сәйкес пайдаланушылардың барлық санаттары үшін анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтерді ұсынады. Ақпаратты таңдамалы тарату  (ИРИ) және басшыларға саралы қызмет (ДОР) библиографиялық ақпаратты тарату жұмыстарын орындап, кітапхананың анықтамалық виртуалды қызметін жүргізеді. Оқырманның жарияланымдарын  қолдау УДК, ББК индекстерін және ғылыми жұмыстың авторлық белгісін анықтау қызметін көрсетеді. ЕҰУ ғалымдарының еңбектерін насихаттау мақсатында «Ақпарат күндерді», «Кафедра күндері», «Факультет күндерін» және басқа да іс-шараларды өткізеді. Жаңа басылымдардың дәстүрлі және виртуалды тақырыптық кітап көрмелерін және ашық әдебиеттер таныстырылымын ұйымдастырады. «ЕҰУ ғалымдарының еңбектері» және «ЕҰУ баспасөз беттерінде» толық мәтінді деректер базасының, мерзімді басылымдардың, ЕҰУ Хабаршы  журналының библиографиялық жазбасын жасап кітапхананың электрондық каталогын толықтырады. Университеттің оқу-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне көмектесу үшін библиографиялық көрсеткіштер мен әдебиеттердің ұсыныс тізімдерін, шолулар құрастырады.  «Ғалымдар залы» мен «Мерзімді басылымдар» оқу залдарында электронды каталог, отандық, шетелдік толық мәтінді деректер базасын пайдалану бойынша пайдаланушылардың барлық санаттары үшін «Кітапханалық-библиографиялық сабақ», тренингтер, консультациялар өткізеді.

Тапсырыс телефон арқылы қабылданады. 70-95-00, ішкі. Тел. 32-408, анықтама қызметі 8 778 419 02 20 (WhatsApp), e-mail: zabira_0372@mail.ru

Бөлім басшысы: Жодасбекова Забира Шымыртаевна

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (вн. 32-408),  каб. 403 ( Қажымұқан Мұңайтпасов көшесі 11, Оқу-зертханалық ғимарат)

e-mail: zabira_0372@mail.ru

Бөлімнің жұмыс уақыты : дүйсенбі-жұма  09.00 – 20.00, сенбі  9.00-17.00

Жексенбі-демалыс күні.

Айдың соңғы күні – тазалық күні.