Каталогтау және құжаттарды жүйелеу бөлімі

Құжаттарды каталогтау және жүйелеу бөлімі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында электрондық каталог арқылы кітапхана ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бөлім жаңа түсімдерді каталогтауды, кітапхана қорының құжаттарын ретроспективті каталогтауды (халықаралық стандарттар мен ережелерге сәйкес ресурстарды библиографиялық сипаттау және индекстеу/жүйелеу); толық мәтінді ресурстардың дерекқорын қалыптастыруды; электрондық каталогты редакциялауды жүзеге асырады. Кітапханадағы ЭК “МегаПро” автоматтандырылған интеграцияланған кітапхана жүйесі (АИБС) негізінде жүргізіледі және дәстүрлі баспа құжаттары (Оқу құралдары, Оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, көркем әдебиет, авторефераттар, диссертациялар және т.б.) туралы ақпаратты, физикалық тасымалдаушылардағы электрондық құжаттар (CD, DVD) туралы ақпаратты, желілік жергілікті құжаттар және инсталляцияланған құжаттар туралы ақпаратты көрсетеді.

Бөлімнің атауы: құжаттарды каталогтау және жүйелеу бөлімі

Бөлім бастығы:  Казис Карима

Телефон: +7 (7172) 70-95-00 (ішкі. 36-108)

e-mail: kazis_k@enu.kz

Орналасқан жері: ғылыми кітапхананың бас ғимараты 1 қабат, каб. 108

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма 9.00-18.00

Сенбі 9.00-14.00

Демалыс күні-жексенбі

Айдың соңғы күні – тазалық күні