Тәуелсіздік: еркіндігім, қасиеттім, қастерлім

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесіне орай кітапханамызда өткен «Тәуелсіздік: еркіндігім, қасиеттім, қастерлім» атты әдеби кешке барлық факультеттің білім алушыларымен қатар ұстаздарымызда қатысып,  жастарға Тәуелсіздік жетістіктері туралы ой-толғамдарымен бөлісті.

Филология факультетінен Бекзат Құлшар, Амангелді Нұрдина, Абзал Мақыш журналистика және саясаттану факультетінің студенті Айдана Алдангорова және басқада студенттер өлеңдерді нақышына келтіріп оқыды. Тәуелсіздікке арналған Қ.Сариннің «Тәуелсіздік», М.Шахановтың «Желтоқсан алаңы», Ж. Ерманның «Қазақ баласын қайрау» және басқа да  өлең-жырлармен қатар, Н. Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін қобыз бен домбырадан күмбірлетіп тартқан Дана Қайрақбаева мен Зейнел Ұлжан елдің қошеметіне бөленді. 1-курс студенттері Абзал мен Бекзат жүргізген әдеби кеш мазмұнды өтті.

Шара соңында ғылыми кітапхананың басшылығы қатысушыларды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерекесімен құттықтап, тамаша рухани шараның өткізілуіне атсалысқан студенттерге алғысын білдірді. Кешке қатысушылар «Тәуелсіз елім – кең байтақ жерім» бейнешолуын және «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесін тамашалады.