Тәуелсіз елдің ұрпағымын

Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» атты мүшәйра және эссе байқауы жарияланып, 14 желтоқсан күні қорытындыланды. Байқаудың басты мақсаты – жастардың патриоттық, отансүйгіштік сезімін ояту; өз елін, өз жерін құрметтеуге, қастерлеуге баулу; жас ақындардың шығармашылық әлеуетін көтеру.
Байқауға негізінен сәулет-құрылыс, филология, ақпараттық технология т.б. факультет студенттері белсене атсалысты. Байқауға 44 эссе мен өлең келіп түсті. Арнайы құрылған комиссия жұмыстарды қарап, нәтижесін шығарды. Қатысушылардың бірқатарының өзіндік пікірлері қалыптасқаны, таза өз ойларын көркем тілмен ашық жеткізгені байқалды. Сонымен қатар тақырып бойынша біркелкі ырғағы сақталған және ұйқасы үйлесім тапқан, жүрек тебірентер өлеңдер көңілден шықты.
Байқау қорытындысы бойынша орындар анықталып, диплом және сыйлықтармен марапатталды:
І орын – Сәулет-құрылыс факультетінің 1-курс студенті Жүнісбекова Алуа Аманқызы.
ІІ орын – Журналистика және саясаттану факультетінің 1-курс студенті Тұрдиева Венера Қуанышқызы, Ақпараттық технология факультетінің 1-курс студенті Бақберген Дінмұхаммед Қайратұлы, Сәулет-құрылыс факультетінің 1-курс студенті Жезбаева Ғалия Әмірқызы.
ІІІ орын – Ақпараттық технология факультетінің магистрі Акбаракова Арайлым Махулбекқызы, Филология факультетінің 1-курс студенттері Жарлықасым Жансая Қуанышқызы, Нэргүй Серікбай, Филология факультетінің 3-курс студенті Турегалиева Назира Болатқызы марапатталды.
Байқауқа қатысушыларға шығармашылық табыс тілей отырып, қаламдарыңыз ұштала берсін демекпіз.