Ғылыми кітапхананың қоры «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» атты құнды атлас кітабымен толықты.

Кітапты сыйға тартқан университетіміздің ғалымы, «Заманауи зерттеулер институтының» директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылғы зерттеулерінің нәтижесі.

Автор бұл кітабында еуропалық және америкалық картографтар мен географтардың орта ғасырлардан бастау алатын 1562 жылдан 1879 жылға дейінгі кезеңдердегі Қазақстан мемлекеттілігі анық көрсетілген 130 картасын толық жүйелеп, нақты деректерімен қатар ғылыми-техникалық сипаттамаларын берген.

Кітап қалың оқырмандарға арналған.