ЕҰУ колледж кітапханасы

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ колледж кітапханасы оқу үдерісіне және мәдени-ағарту қызметіне қолдау көрсететін негізгі құрылымдардың бірі болғандықтан білім беру бағдарламалары бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдармен және толық мәтінді электрондық ресурстармен қамтамасыз етілген. Жалпы оқу үрдістеріне қатысты сұраныстарына жауап беретін  абонементте сапалы электрондық қызмет түрлері енгізілген,  оқу залының қоры ашық қолжетімді етіп ұйымдастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы электрондық деректер базасын қолдану мүмкіндіктері бар.

Колледж кітапханасының қорында экономика, есеп және аудит, банк және сақтандыру, маркетинг, бағалау, туризм, есептеу техникасы, ақпараттық желілер және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар мен ғылыми басылымдармен қамтамасыз етілген. Қордағы барлық басылымдар  электрондық каталогқа енгізілген және білім алушылардың қашықтықтан кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігі жолға қойылған.

«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында студенттер арасында кітап оқу мен оқу белсенділігінің деңгейін арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіледі және тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ колледж кітапханасы

Мекен-жайы: Есенберлин к-сі, 25,

 

Бас маман: Бектанова Гүлмира

Электрондық пошта: bektanova_1967@mail.ru

 

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 9.00-18.00

Демалыс: сенбі – жексенбі

Әр айдың соңғы күні: Тазалық күні.