Жүрегіне қаламын сүйеген ғалым

2022 жылы 27  мамырда  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Көне түркі руна жазбаларының табылуының 300 жылдығына және ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, ф.ғ.д., профессор Мырзатай Жолдасбековтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Түркі жазба ескерткіштері: тілі, тарихы және мәдениеті»  атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияда Ғылыми кітапхана «Жүрегіне қаламын сүйеген ғалым» тақырыбында  ғалымның еңбектерінен көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: ғалымның еңбектерін, өмірі мен қызметін насихаттау,  жастардың оқып, біліп өздерінің ғылымдағы ізденістеріне қолдануынуын қамтамасыз ету.

Көрмеге келушілер Мырзатай Жолдасбековтің «Асыл арналар», «Жүз жыл жырлаған жүрек», «Ежелгі дәуір әдебиеті», «Ұлы дала әдебиеті», «Көне түркі жазба ескерткіштері», «Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы», «Елтұтқа», «Асылдарым», «Орхон ескерткіштерінің Толық  Атласы», «Тастар сөйлейді», «Шың мен шыңырау», «Ел тағдыры – ер тағдыры», «Қорқыт ата кітабы», «Жамбыл Жабаев Ұлы дала ақыны» атты Орхон-Енисей ескерткіштері, руна жазбалары, жазба әдебиеті туралы еңбектерімен танысты. Сонымен қатар ғалымның өмірі туралы еңбектерді, күнделік кітаптарын, ғылыми мақалалары, эсселері, сұхбаттары жарияланған ғылыми жинақтарын тамашалады.