ҚАЗАҚТЫҢ РУХАНИ КӨСЕМІ

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде  Ғылыми кітапханада «Бір ел – бір кітап акциясы аясында «Қазақтың рухани көсемі» атты ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Жалпы халықтық оқуға ұсынылған шығармаларын оқырманға таныстыру мақсатында Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.

Ұлттық әдебиетіміздегі үздік туындыларды оқырмандарға насихаттай отырып, әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын арттыру бағытында өткізілген бұл шараға    филология факультетінің студенттері А. Жәкейхан, Ж. Маратұлы, А. Мақыш, Е. Шалқар, З. Дүйсенбай, А. Бекжан, А.Уали  қатысып «Маса»,  «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Ғылым», «Анама хат» сияқты парасат пен шапағатқа, тәрбиеге толы ақын өлеңдерін шабыттана оқыса, қазақ тілі әдебиеті тобының бір топ студенттері «Ұлт мәдениетінің – Хаңтәңірі» атты қойылым қойып көрерменді тәнті етті.

Осы іс-шараны ұйымдаструшы ғылыми кітапхананың қызметкерлері Э.Дарекешева мен Ж.Шарменова студенттерге жылы лебізін айтып, алғыс  білдірді.