Кітапханадағы ақпарат күндері

Кітапханаға жаңа түскен кітаптар мен ақпараттық ресурстарды таныстыру мақсатында осы жылдың 19–22 қыркүйегінде «Ақпарат күндерді» көрмесі өтті.

Көрмеге оқу бағдарламалары бойынша ұсынылған оқулықтар, ғылыми басылымдар журналдар қойылды.

Шараға қатысқан оқырмандарға электрондық деректер қорындағы басылымдармен таныстырып, олармен жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы тренингтер өткізілді.

   

Құрметті оқырман! Ақпарат күндері – жүйелі түрде, ай сайын өткізілетін шара. Өтетін уақыты алдын ала кітапхананың сайтында, әлеуметтік желілерде жарияланады. Оқырмандарға қордағы басылымдар мен электрондық ресурстар туралы мәлімет беруге, басқа да ақпараттық қызмет көрсетуге кітапхана әрқашан дайын.