Әл-Фарабиді қазаққа қайтарған Ақжан Машани

Ғылыми кітапханада «Booken club» кітап талқылау ұйымының ұйымдастыруымен фарабитанушы ғылымының негізін салушы, тау-кен инженері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының алғашқы құрылтайшыларының бірі және корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, жазушы Ақжан Машани туғанына 116 жыл толуына орай кездесу өтті.

Алғаш болып, кітапхана директоры Бахытжан Әсетілдаұлы сөз сөйлеп, шығыстану ғылымында да сүбелі еңбектерімен үлкен абыройға ие болған зерделі зерттеушінің алар орны ерекше екендігін атап өтті.

Аталған іс-шараға жазушы, әдебиеттанушы Иманғазы Нұрахмет, Шакиров Сымбат қатысып ғалымның өшпес естеліктерімен бөлісті.

Сонымен қатар, жазушының еңбектері атап айтқанда, «Әл-Фараби көпірі», «Әл-Фараби және Абай», «Табу» , «Жер астына саяхат» және т.б. кітаптарымен көрме ұйымдастырылды.

Сондай-ақ кездесуге магистранттар, студенттер және оқырмандар қатысып, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты.