Elsevier баспа семинары

ELSEVIER баспа компаниясы ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетімен бірлесіп, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанның 5 жоғары оқу орнына, оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не ScienceDirect платформасындағы Eslevier барлық журналдары мен кітаптарына толық мәтінді қолжетімділікті ұсынады.

        Elsevier-дің ең үлкен және ең көне баспа үйі бірнеше беделді ғылыми деректер базасының иесі болып табылады. Бұл Scopus – Web of Science-тен кейінгі әлемдегі ең үлкен реферативті ғылымиметриялық мәліметтер базасы. Ең ірі университеттер мен ғылыми ұйымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын бағалау үшін осы дерекқорды таниды және пайдаланады. Сондай-ақ THE, QS World University Rankings, Financial Times және т.б. рейтингтік агенттіктер Scopus деректерін университеттердің әлемдік рейтингтерін жасау үшін пайдаланады. SciVal – халықаралық ғылыми зерттеулерді бақылау мен талдауға арналған онлайн-платформа. Science Direct ақпараттық платформасы – рецензияланатын бастапқы ғылыми зерттеулердің толық мәтінді дерекқоры +4600 журналдан, 45000-нан астам электрондық кітаптар мен 20 миллионнан астам материалдарды қамтиды.

       Elsevier баспасының ресурстарына қолжетімділіктің болуы университеттің ғылыми потенциалын арттыру, жарияланым белсенділігінің тиімділігі мен өсуін, ОПҚ және университеттің жас ғалымдары арасында ғылыми зерттеулер санын арттыру үшін ең жақсы шешімдердің бірі болып табылады.

       Elsevier компаниясының қызметкері Helena Paczuska Университет студенттері мен зерттеушілеріне бағытталған семинар өткізеді. Зерттеушілердің келуін қамтамасыз етуді сұраймыз. Семинарда ScienceDirect платформасының функционалдық мүмкіндіктері мен құралдары, ғылыми зерттеулер әлеміндегі навигация жүйесі, Elsevier баспасының журналдары мен монографияларында ғылыми зерттеулерді жариялау процестері туралы сұрақтар қойылады.

       Өтетін күні мен уақыты: 4 қыркүйек 2023 жыл, сағат 15.00-де

       Өтетін орны: Пушкин, 11

                              Ғылыми кітапхана

                              А. Сейдімбек ауд. (2 қабат)

Оnline-қатысушыларға сілтеме https://clck.ru/35Y8mA