Кітапханадағы ашық есік күні

Ғылыми кітапхана жаңа оқу жылының басталуымен бірінші курс студенттері үшін кешенді ақпараттық-білім беру экскурсиясын өткізді.

   

Экскурсия барысында студенттер кітапхананы пайдалану құрылымы мен ережелері, кітапхананың  қорын және электрондық ресурстарды пайдалану мен қолдану мүмкіндіктері туралы білді.

   

«American Corner and Maker Spase» орталығында олар ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, техникалық құзыреттілікті арттыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Құрметті     студенттер, Біз Сіздерді әрқашан кітапханамызда күтеміз!