Электрондық білім беру ресурстарының мүмкіндіктеріне шолу

Ғылыми кітапханада 25-29 қыркүйек аралығында өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында электрондық ресурстарды ұйымдастыру және сақтау бөлімі «Электрондық білім беру ресурстарының мүмкіндіктеріне шолу» атты кезекті сабақтарын өткізді.

 

   
Бір апта ішінде қызметкерлер электрондық білім беру ресурстарын қолдану мүмкіндіктерімен, ғылыми ақпаратты іздеу және онымен жұмыс істеу әдістерімен танысты.

Оқу барысында электродық ресурстардың құралдары, жеке кабинет мүмкіндіктері, құралдар мен қызметтер, соның ішінде іздеу және мәтінмен жұмыс істеу көрсетілді.