Ардагерлер – біздің мақтанышымыз!

2 қазан күні ЕҰУ Ғылыми кітапханасында «Ардагерлер – біздің мақтанышымыз!» атты шара кітапханамызда көп жылдар еңбек еткен ардагерлерге арналды. Өз кәсіптерінің білікті мамандары, баршамызға ұстаз бола білген майталман ардагер-кітапханашылар  кітапхананы аралап, өздері қызмет атқарған бөлімдердің атауы мен жұмыс бағыты заманауи талаптарға сай өзгергенін көріп, ризашылықтарын білдірді. Бұл шараға сол кезеңдерде басшылық қызмет атқараған Көпей Ақтайқызы,  Райман Мырзақанқызы, бір-бір бөлімнің жұмысын ұршықтай иірген Амантай Әбдікәрімқызы, Баян Кайырқызы, Бақыт Садуақасқызы, Кенжеш Мәмбетқызы, Майра Орынбекқызы, Гүлшат Габдуллақызы, Жұпар Кеңесбекқызы, Елизавета Михайловна, Сания Абайкенқызы, сирек кітаптар мен қолжазбаларды жан-жақтан жинақтап, қорды толықтыруға үлес қосқан Оразхан Елғазықызы кешіміздің қадірлі қонағы болды.

Кітапхананың директоры Бахытжан Әсетілдаұлы әр ардагердің еңбегін бағалап, буын сабақтастығы туралы ортақ мақсат, міндеттер жайында айтып өтті. Ардагерлердің еңбек еткен жылдарынан көрсетілген видеоролик жас кітапханашылар үшін өнеге болды.

Кітапханашы-ардагерлеріміз өмірлік тәжірибелерінен естеліктер айтып, қуана еске алды. Осы кездесуді ұйымдастырып отырған  кітапхана басшылары Бахытжан Әсетілдаұлы мен Жанар Бекайдарқызына және әріптестерімізге үлкен алғыстарын айтып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл күн әрбір сәтті бағалап, аға ұрпақты құрметтеудің маңыздылығын еске салды.